Озған заман мен тозған мектеп: абайлық балалардың білім деңгейі қандай?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық боксшы бойы екі метр қарсыласын бірінші раундта сұлатып түсірді

Қазақстандық боксшы бойы екі метр қарсыласын бірінші раундта сұлатып түсірді
Спорт

Қысқа сілтеме алу

250 0 0

Осылайша Жан Кособуцкий кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Беларусь елінің Минск қаласындағы Astoria Riverside кешенінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің қатысуымен жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

30 жастағы супер салмақтағы қазақстандықтың қарсыласы Босния мен Герцеговинияның боксшысы Срджан Говедарица болды. Оның бойының ұзындығы екі метрге жетеді.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Жан Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта сұлатып түсірді. Осылайша Жан кәсіби карьерасында тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді және оның сегізі — нокаутпен. Ал Говедарица кәсіби карьерасында жетінші рет жеңілді.

Кособуцкий 29 қараша күні кезекті жекпе-жегін Минск қаласында өткізген болатын. Екінші раундта ол жергілікті боксшы Александр Нехайчикті техникалық нокаутпен жеңді.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Санжар