Қазақстандағы әрбір бесінші жаңа отбасы дерлік этносаралық. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Datahub Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Сарапшылар Қазақстандағы неке туралы тағы бірнеше қызықты деректерді жариялады:
10 жағдайдың 8-інде қазақстандықтар бірінші рет отау құрады. Елдегі күйеу жігіттің орташа жасы – 27,8 жас, ал қалыңдықтікі – 25,2 жас.
2023 жылы некеге тұрған ерлердің басым бөлігі 20 мен 39 жас аралығында (85%), ал әйелдердің басым бөлігі 18 бен 34 жас аралығында (82%) болды.
Қазақстанда құрылған әрбір бесінші некеде ғашықтар өзге ұлт өкілімен қосылған.
Келіншектердің 41 пайызы – жоғары білімді. Ал жоғары оқу орнын бітірген күйеу жігіттердің үлесі біршама төмен – 39%.
Некелердің көпшілігі маусым мен тамыз айларында, ең азы қаңтар мен ақпанда болады.