Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандағы митингілер: 200-ден аса адам ұсталып, 95 полиция қызметкері жарақаттанған

Қазақстандағы митингілер: 200-ден аса адам ұсталып, 95 полиция қызметкері жарақаттанған
Еліміздің бірқатар аймақтарында заңсыз акциялар өтті. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200-ден астам адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті атқарушы органдар мен прокуратураның ескертулеріне қарамастан, азаматтар арандатушылық шақыруларға еріп, тұрақтылыққа және халықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттер жасай бастады.

Сонымен қатар азаматтардың жекелеген топтары жолдарды жауып, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын және елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін бұзып, көлік қозғалысына тосқауыл қойды.

Құқық қорғау және құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да органдардың қызметкерлеріне шабуыл жасады.

Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктерге шабуыл жасап, әйнектері мен есіктерін сындырды, басқа да материалдық залал келтірілді.

Тастарды, таяқтарды, газ, бұрыш баллондарын және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді пайдалану жағдайлары орын алды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу және тәртіп бұзушыларды ұстау бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады.

Билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200-ден астам адам ұсталды.

Сондай-ақ ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген.

"Заңсыз әрекеттердің салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген. 37 қызметтік автокөлік бүлінген", – делінген хабарламада.

Автор
Нұрсұлтан