Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандағы ең жас әкімнің 27-де екені анықталды

Қазақстандағы ең жас әкімнің 27-де екені анықталды
Фото: gov.kz

28 қарашада Астанада мемлекет басшысының қатысуымен ауыл әкімдеріне арналған алғашқы диалог-платформа өтті. Жиынға Маңғыстау облысындағы ауылдық округтердің 34 әкімi қатысып, олардың арасында Қазақстандағы ең жас әкім — 27 жастағы Сағынжан Тұрақбаев та болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сағынжан Тұрақбаев Шебір ауылдық округін басқарады. Ол 2024 жылдың наурызында тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы әкім болып сайланған. Жасына қарамастан, атқарып отырған қызметтің жауапкершілігін терең сезінетінін айтады.

“Жас екеніңе сүйеніп, әлсіздік көрсетуге болмайды. Ең бастысы – жауапкершілік. Тұрғындар бізге өз ауылдарының даму бағытын сеніп тапсырды. Сол сенімді ақтау үшін бірлесіп еңбек етеміз”, – деді елдегі ең жас әкім.

Айта кетейік, диалог-платформа барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдері үшін бірыңғай ақпараттық жүйе енгізіліп жатқанын атап өтті. Бұл жүйе тұрғындар мәселесін жедел бақылап, әрбір өтінішке нақты әрі уақтылы жауап беруге мүмкіндік береді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.