Шахтер күні қарсаңында отандық көмір өнеркәсібіндегі жемісті еңбегі, шахта құрылысын дамытуға қосқан үлесі үшін сала қызметкерлерінің тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Тиісті Жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Құрмет" орденінің иегерлері 36 Шахтер, 1 қызметкер ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен, 43 адам "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
фото: ашықдереккөз