KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Қазақстанда терроризмге қарсы қызметтің жаңа басшысы тағайындалды

• KZNEWS

Қазақстанда террорға қарсы қызметтің жаңа бастығы тағайындалды. Тиісті бұйрыққа президент қол қойды.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытбек Рахымбердиев Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – террорға қарсы қызмет бастығы болып тағайындалды", – делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.

16 қыркүйекке дейін бұл қызметті Руслан Сейсембаев атқарды.

Фото: informburo.kz 

KZNEWS
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Автордың басқа материалдары →