"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда тегін азық-түлік беру тәртібі бекітілді

Қазақстанда тегін азық-түлік беру тәртібі бекітілді

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бір адамға азық-түлік жиынтығын берудің ерекше тәртібі әзірленді, жалпы мұндай көмекпен 500 мыңнан астам адам қамтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бір адамға тегін азық-түлік жиынтығын беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бір адамға азық-түлік жиынтығын берудің ерекше тәртібі әзірленді. Онымен карантин аймағында тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары мен ересек мүшелері, сонымен қатар, барлық бірінші топтағы мүгедектер қамтамасыз етіледі", - деді Абаев бүгінгі брифингте.

Министрдің айтуынша, жалпы мұндай көмекпен 500 мыңнан астам адам қамтылады.

Алматы акцияны бастап кетті

Алматының әкімдігі көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеттерін таратуға кіріскенін мәлімеді. Қазіргі кезде қала бойынша 18 618 отбасы анықталды. Олардың ішінде әлеуметтік әлжуаз отбасылар, жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер және мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар бар. Ертеңнен бастап байланыс орталығы ашылады. Соған хабарласып, көмекке мұқтаж отбасыларды ұсынуға болады. Халықтан түскен өтініштердің негізінде қазіргі тізім жаңартылады.  

Әрбір отбасыға азық-түліктен бөлек, карантин кезінде керек тауарлар – маска, антисептик және тағы басқа заттар жеткізіледі. "Қазпошта" АҚ осы бағдарламаның оператары ретінде белгіленді. 


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан