KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Қазақстанда тағы төрт оқушыдан коронавирус анықталды

• Данияр

Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптардағы төрт оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 қыркүйектен бастап облыс аумағында төрт жағдай тіркелді. Олар Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы. Науқастар оқитын мектептер шағын жинақты мектептер болып саналады", - дейді департаменттегілер.






Қазір облыс аумағында 14 күндік карантинге екі сынып пен бір мектеп жабылды. COVID-19  анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілді дейді.
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →