"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда тағы да 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанда тағы да 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 17-19 шілдедегі ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі.


Қазақстанның Оңтүстігі мен Батысында құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.

“Елдің көп бөлігінде, Солтүстік циклонның фронтальды бөлімдерінің әсерінен, әлі де найзағаймен жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады. Кей жерлерде екпінді жел, солтүстікте кей жерлерде тұман күтіледі”, – дейді синоптиктер.

Қазгидрометтің болжамынша, кейбір өңірлерде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

“Батыста ауа температурасы түнде +17+25℃, күндіз +28+39℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6 +21℃, күндіз термометрлер +20+36℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз +23 +35℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+22°С, күндіз +29+40°С болады”, –дейді мамандар.

Автор
Айбар