KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстанда тағы бір әлемдік жұлдыз концерт өткізеді

Torgyn Abushakhman

Танымал әлем жұлдызы Тилль Линдеманның елімізде жеке концерті өтеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Rammstein тобының солисі Тилль Линдеманн 2026 жылдың 7 қаңтарында Алматыда жеке концерт өткізеді.

Шоу Almaty Arena сахнасында өтеді. Meine Welt (Менің әлемім) туры аясында ұйымдастырылып отыр. Билеттер осы аптада сатылымға шығарылады. Сатылым жүйесі төмендегідей жүзеге асырылмақ: 

Сондай-ақ Тикетон және өзге де ірі онлайн-сервистер арқылы сатып алуға болады.


Айта кетейік, Till Lindemann – неміс вокалисті, ақын және лирик. Rammstein, Lindemann және Na Chui металл топтарының фронтмені. Ол Apocalyptica, Phantom Vision, Puhdys, Knorkator және Emigrate топтарының, сондай-ақ Ковач, Заз  секілді әншілердің әндерін жазған.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары