ҚТЖ топ-менеджерлері былтыр 1,036 млрд теңге сыйақы алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда тағы бір әкім өзіне қол жұмсады

Қазақстанда тағы бір әкім өзіне қол жұмсады
Фото: Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің аппараты

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округтің әкімі суицид жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ауыл округінің әкімі Ерлан Смаилов өзіне қол жұмсаған.

Белгілі болғандай, ол бұл қызметке 2026 жылғы 17 ақпанда тағайындалған. Бұған дейін "Майское-Агро" ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Ақтөбе облысында қала әкімі өзіне қол жұмсады Оқыңыз  

Қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған. Қазір оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Бұған дейін Ақтөбе облысында экс-әкім қызметінен босатылғаннан кейін өлі табылған еді. Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі табылды. Ақпаратты облыс әкімдігі растады. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.