Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда соғыс ардагерлеріне қанша теңге қаржылай көмек көрсетіледі?

Қазақстанда соғыс ардагерлеріне қанша теңге қаржылай көмек көрсетіледі?
Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға көрсетілген материалдық көмек жергілікті бюджет есебінен төленген, деп хабарлайды kznews.kz.

Жалпы саны 32,9 мың адамға қаржылай қолдау көрсетілген. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, майданда қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, сондай-ақ жарақат, контузия немесе мертігу салдарынан көз жұмған мүгедектігі бар азаматтардың жұбайлары бар.

2026 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша, ҰОС ардагерлерінің ай сайынғы жиынтық төлемі зейнетақымен қоса есептегенде орташа есеппен 290 мың теңгеге жуықтаған. Ал соғыс кезінде мүгедектік алған азаматтардың төлемі 300 мың теңгеден асқан.

Қаржылай көмектен бөлек, ардагерлерге тегін шипажай-курорттық ем алу, мамандандырылған госпитальдарда медициналық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.

Сонымен бірге жергілікті әкімдіктер тарапынан қосымша көмек түрлері де қарастырылған. Олардың қатарында тұрғын үйлерді жөндеу, дәрі-дәрмекпен, отынмен және азық-түлік жиынтықтарымен қамтамасыз ету секілді қолдау шаралары бар.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.