Қасым-Жомарт Тоқаев отбасы омбудсмені институтын енгізу адам құқықтарын қорғауды күшейтіп, отбасы институтын нығайтуға ықпал ететінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның сөзінше, отбасы омбудсмені Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде жұмыс істеп, атқарылған жұмыстар туралы мемлекет басшысына есеп беріп отырады.
Президенттің айтуынша, мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жүзеге асыруға және отбасы саясатына қатысты өзге де маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.