KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстанда оқу жылының уақыты мен демалыс күндерінің мерзімі бекітілді

KZNEWS

ҚР Білім және ғылым министрі "Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы" 2021 жылғы 27 шілдедегі бұйрығына қол қойды.

Сонымен, меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы мен демалыс кезеңдерінің мынандай мерзімдері анықталды:

- 2021 - 2022 оқу жылының басы - 2021 жылдың 1 қыркүйегі;
- оқу жылының ұзақтығы 1 -сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда - 34 оқу аптасы;

оқу жылындағы демалыс кезеңдері:

- 1-11 (12) сыныптарда: күзгі - 7 күн (2021 жылдың 1 қарашасынан 7 қарашаға дейін), қысқы - 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсанынан 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін), көктемгі - 12 күн (2022 жылдың 19 наурызынан 30-на дейін, соңғы күнді қоса алғанда);

- 1 -сыныпта: қосымша демалыс - 7 күн (2022 жылдың 7 ақпанынан 13-іне дейін соңғы күнді қоса алғанда).

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан бастап күшіне енеді.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары