Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда коронавирустан фармацевтикалық компанияның директоры қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан фармацевтикалық компанияның директоры қайтыс болды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы  мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ұжымы оның туғандарына көңіл білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. "Абди Ибрахим Глобал Фарм" ЖШС-нің бас директоры Зиятхан Гасанов коронавирустан қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы  мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Зиятхан Ахмедұлы Гасановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Ол алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлері мен қазақстандықтарға коронавирус инфекциясымен күресте көмектесіп, өкінішке қарай, осы індеттің кесірінен көз жұмды", - делінген комитеттің хабарламасында.

"Зиятхан Ахмедұлы өз ісінің шебері болды, ол еліміздің фармацевтика саласының дамуына зор үлесін қосты. Оған қоса, өзінің сырқаттанып жүргеніне қарамастан, жалпыға бірдей төнген қауіпке бей-жай қарамай, COVID-19 вирусымен күресте өлшеусіз көмегін тигізді. Тауарлар мен  қызметтердің сапасы  мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныш құралдарын тегін берді", - дейді комитеттегілер.

10 сәуір кешке Алматыда тағы бір адамның өлімі тіркелді. Коронавирустан 1963 жылы туған ер адам көз жұмды. Бұл Қазақстанда қауіпті індеттен қайтыс болған оныншы адам.

Соңғы мәліметтер бойынша республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 812-ге жетті. 64 адам дерттен сауықты.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан