"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда коронавирустан екінші адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан екінші адам қайтыс болды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

316 0 0

Қазақстанда тағы бір адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасы

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз - Sputnik. Қазақстанда коронавирустан екінші адам қайтыс болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы. 

"Өкінішке қарай, бүгін коронавирус дертінен бір адам қайтыс болды. Осы орайда марқұмның туған туыстарына көңіл айтамыз", - деді онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.  

50 жастағы ер адам 21 наурызда ауруханаға жатқызылған, оны жедел жәрдем қызметкерлері жеткізді. Ол бір ай бойы ауырған, бірақ дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Жұмысына байланысты іссапарларға жиі шыққаны белгілі болды. 

Науқаспен байланыста болған 31 адам - туыстары мен әріптестері ауруханаға жеткізілді. Тағы 55 адам үйге карантинге жабылды.

Оның отбасының екі мүшесінен коронавирус инфекциясы анықталып отыр. 

31 наурыздағы жағдай бойынша ауруханада 1693 адам жатыр. Оның 96-сы он сегізге дейінгі балалар.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 175 адам тіркелді. Жалпы, елде 325 адам дертке шалдыққан. 

26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны қайтыс болған еді. 


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан