Алматыда дәрігерлер салмағы 730 грамм болып туған сәбидің өмірін сақтап қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда ет бағасы шарықтап кетті

Қазақстанда ет бағасы шарықтап кетті

Қазақстанда бір жыл ішінде ет бағасы қымбаттады. Әсіресе, сиыр, жылқы және қой еті. Кей ет түрі бірден 16%-ке қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.

2020 жылдың үшінші тоқсанында әрбір қазақстандық орта есеппен 21,3 килограмм ет пен ет өнімдерін тұтынған. Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1 килограмға және 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 1,4 килограмға көп. Елде ет өнімдерін тұтыну бір жылда жеті пайызға артты.

2020 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның үй шаруашылықтарында ет және ет өнімдерін тұтыну, қазақстандықтар арасында ең танымал ет - сиыр етін қоспағанда, барлық түрлері бойынша өсті. Әрбір қазақстандық сиыр етіне (5,7 килограмм, минус 0,2 килограмм), тартылған етке (2,4 килограмм, плюс 0,2 килограмм) және қой етіне (1,9 килограмм, плюс 0,2 килограмм) артықшылық берді.

Ет тұтыну Қазақстанның барлық өңірлерінде артты. Қарағанды облысында әрбір тұрғын орта есеппен 26,8 килограмм тұтынған. Одан кейін Ақмола облысының (25,4 килограмм) және Алматы қаласының (25,2 килограмм) тұрғындары.

Автор
Данияр