Көлемі өскен көкөніс экспорты: отандық диқандардың жағдайы оңалды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда ең төменгі жалақы екі есе өсуі мүмкін

Қазақстанда ең төменгі жалақы екі есе өсуі мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру мәселесі әзірге түпкілікті шешілген жоқ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің сөзінше, 150 мың теңге – нақты бекітілген сома емес, ел ұмтылуы тиіс бағдар мен мақсат. Бұл бағыттағы жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, Қазақстанда ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесі бекітілген. Енді оны есептеу кезінде екі негізгі көрсеткіш, атап айтқанда медиандық жалақы пен еңбек өнімділігі ресми түрде ескеріледі:

«Біз мұндай тәсілді ең төменгі жалақы экономиканың нақты мүмкіндігіне сай өсуі үшін таңдадық», – деді министр.

Қазіргі уақытта жауапты мемлекеттік органдар нақты есеп-қисап жүргізіп жатыр. Мамандар ең төменгі жалақыны екі есе арттыру бизнеске және бюджетке қандай салмақ түсіретінін анықтауы тиіс. Атап айтқанда, міндетті аударымдар мен әлеуметтік төлемдер көлеміне түсетін жүктеме есептеліп жатыр.

Министрдің айтуынша, егер бұл шешім қабылданса, шығын тек республикалық және жергілікті бюджеттерге ғана емес, жеке сектордағы жұмыс берушілерге де артады. Себебі олар да қызметкерлерінің ең төменгі жалақысын көтеруге міндетті болады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.