Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда бензин бағасы күрт өспейді – Энергетика министрлігі

Қазақстанда бензин бағасы күрт өспейді – Энергетика министрлігі
Фото: Depositphotos.сom

Қазақстанда жанар-жағармай материалдары бағасының күрт өсуі болмайды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

2025 жылдың қазан айында елде бензин мен дизель бағасын көтеруге мораторий енгізілген болатын. Оның мерзімі 1 сәуірде аяқталды. Есімхановтың айтуынша, мораторийдің аяқталуы жанармай бағасының күрт өсуіне әкелмейді.

«Бұл – бірлескен жұмыс. Тек Энергетика министрлігінің ғана емес, сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, әкімдіктер және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізіледі. Нарықтағы жағдайды объективті түрде бақылап, бәсекеге қарсы әрекеттерге жол бермеу қажет. Екіншіден, көтерме бағаларды түсіну мәселесі бар, себебі агенттік артық табыстарды да бақылауда ұстайды. Сондықтан мен және әріптестерім жанар-жағармай бағасында ешқандай күрт өсім болмайтынына сенімдіміз», – деді ол Үкіметтегі брифинг барысында.

Ол көрші елдерде жанармай бағасы әлдеқайда жоғары екенін атап өтті. Қазақстанда баға біртіндеп өсуі мүмкін, бірақ күрт өсім болмайды, деп сендірді Есімханов.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі