Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда барлық мемлекеттік қызметтер AlemGPT-қа көшіріледі

Қазақстанда барлық мемлекеттік қызметтер AlemGPT-қа көшіріледі
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда азаматтар мен бизнеске барлық мемлекеттік қызметтерді бір платформада алуға мүмкіндік беретін AlemGPT мультиагентті жасанды интеллект платформасы сынақтан өткізіліп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллекттің дамуы азаматтар мен бизнеске мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәсілдерін айтарлықтай жеңілдететінін айтты.

Оның айтуынша, Жасанды интеллект министрлігі азаматтар мен бизнеске мемлекеттік қызметтерді бір платформада, басталуынан соңғы нәтижесіне дейін алуға мүмкіндік беретін AlemGPT мультиагентті платформасын әзірлеп, қазірдің өзінде сынақтан өткізуде.

«Бұл азаматқа немесе бизнеске әртүрлі сервистер арасында ауысу қажет болмайтын түбегейлі жаңа тәсіл. Бүкіл қызмет бір платформада толық жүзеге асады. AlemGPT-ты толыққанды ИИ-көмекші деңгейіне дейін дамыту жоспарланып отыр», - деді Мәдиев.

Ұсынылған слайдқа қарағанда, министрлік eGov сайтындағы дәстүрлі навигациядан диалогтық форматқа көшуді жоспарлап отыр. Қазақстандықтар мемлекеттік сервистермен AlemGPT арқылы хат алмасады, яғни ChatGPT-ге ұқсас чат-ботпен әрекеттеседі деп күтілуде.

Пайдаланушы қажетті қызметті қолмен іздемейді, өз жағдайын мәтін арқылы сипаттайды, ал жүйе қандай мемлекеттік қызметтер қолжетімді екенін көрсетіп, оларды онлайн түрде рәсімдеуге көмектеседі.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі