Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда автобустарға да Ashyq жүйесі енгізілді

Қазақстанда автобустарға да Ashyq жүйесі енгізілді

Атырауда автобустарға да "Ашық" жүйесі енгізілді. Бүгіннен бастап қоғамдық көлікке жолаушылар QR-кодты сканерлеген соң ғана міне алады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

"Қызыл" немесе "сары" мәртебе шықса, автобусқа отыруға рұқсат жоқ. Өзі науқас немесе ауру адаммен байланыста бола тұра, карантин тәртібін бұзып қоғамдық көлікпен қала шарламақ болғандар анықталса, тиісті шара қолданылады.

Бұл шешімді Атырау қаласының әкімдігі қабылдаған. Өйткені қазір Атырау эпидахуалы ушыққан "қою қызыл" белдеудегі 4 қаланың қатарында.

Мұнда апта басынан бері басқа да карантин талаптары күшейтіліп жатыр.

Автор
Айбар