Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда Арменияда әкелінген көліктерді тіркеу ережелері жарияланды - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда Арменияда әкелінген көліктерді тіркеу ережелері жарияланды - Қазақстан жаңалықтары

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев армениялық нөмірлі көліктерді тіркеу туралы қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа ережелер 1 маусымнан бастап іске қосылады. 

Атап айтатын болсақ, Армениядан Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктер А сериялы сары түсті нөмірлерге ие болады. Бұған қоса автокөлік нөмірінде тіркелген өңірдің коды көрсетіледі. 

Темір тұлпарды тіркеуге мына құжаттар қажет: 

жеке куәлік;

мемлекеттік салық пен мемлекеттік тіркеуден өту үшін жасалған төлемнің түбіртегі;

көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері. 

Сондай-ақ 1 ақпанға дейін Армения мемлекетінен алып келінген сол жақ рөлді көліктерді тіркеген кезде құжатта "басқа адамға тіркеуге болмайды" деп жазылады екен. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуге рұқсат берілгені айтылған еді. 


stan.kz
Автор
Еркебұлан