Қоғам

Қазақстан жұмыртқа импортын бір айға тоқтатты

Қазақстан жұмыртқа импортын бір айға тоқтатты

Қазақстанға үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден барлық көлік түрімен жаңа тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл шектеу бір ай мерзімге енгізілді. Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қол қойды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тағамдық жұмыртқаны импорттауға уақытша тыйым салу — отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін қабылданған шара.

Министрлік атап өткендей, бұл шектеу Қазақстан аумағы арқылы жаңа тауық жұмыртқасын транзитпен тасымалдауға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан аумағы арқылы жеткізуге қатысты қолданылмайды.

Биыл еттің бағасы рекордтық деңгейге жеткен. Бұл туралы ет бағытындағы мал шаруашылығы жөніндегі сарапшы Арсен Исламов айтты. 

Сарапшының айтуынша, биылғы тағы бір ерекшелік – әдетте ең қымбат ет жылқы еті саналғанымен, қазіргі уақытта сиыр еті одан да қымбат болып кеткен. 

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz