Қазақстан Үкіметі құрылыс салушыларға берілетін салықтық жеңілдіктерді жоюды ұсынады: оларды жиі салықтан жалтару үшін пайдаланған

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. ҚР Ұлттық экономика вице-премьер-министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексі жобасында құрылыс салушылар үшін берілген жеңілдіктерді алып тастау көзделгенін мәлімдеді. Себебі олар күтілген нәтиже бермеген және жиі салықтан жалтару үшін пайдаланылған. «Шын мәнінде, бұл норма (құрылыс салушыларға арналған тұрғын үй бойынша жеңілдіктерді алып тастау – ред.) кодекс жобасына қыркүйек айында енгізілген. Біз де бұл шешім дұрыс деп есептейміз. Бұл жеңілдіктер ештеңе берген жоқ. Баға өсіп жатыр, өздеріңіз айтып өткендей. Сонымен қатар бұл тұрғын үй кешендерін қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар да көбінесе салықтан жалтарудың нысанына айналды. Қазіргі таңда салық комитеті бірінші хабарламаны дәл осы құрылыс компанияларына жіберді, олар төлемеген салықтарын төлеп жатыр. Тиісінше, бақылау орнатылады», – деді ол. Сонымен қатар Серік Жұманғарин баға белгілеу бойынша арнайы агенттік арқылы қатаң бақылау енгізілетінін атап өтті. Нарықта үстем жағдайға ие компаниялар белгіленген ережелерге бағынуға міндетті болады. «Баға белгілеуді бақылау бойынша бізде арнайы агенттік бар. Нарықта үстем немесе бірлескен үстемдікке ие субъектілер осы саладағы баға заңдарына бағынуы тиіс. Құрылыс салушыларға тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізетін субъектілер де арнайы салық режимінің қатысушылары бола алмайды», – деді вице-премьер. Сонымен қатар құрылыс салушыларға тауар, жұмыс және қызмет жеткізетін субъектілер де арнайы салық режимдерін пайдалана алмайды. Бүкіл тізбек электрондық шот-фактуралар мен ҚҚС жүйесі арқылы «ақ» аймаққа шығарылатын болады. «Сондықтан біз бүкіл тізбекті электрондық шот-фактуралар негізінде заңдастырамыз, бұл – ҚҚС айқындау, осы үдерістің толық ашықтығы қамтамасыз етіледі. Бұл жобаларда жергілікті құрам жеткілікті жақсы екенін мойындау керек, бұл оны бақылауға мүмкіндік береді. Сондықтан менің ойымша, біз бағаның шарықтап кетпеуін қамтамасыз ете аламыз», – деп қорытындылады Серік Жұманғарин.