«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан шетел азаматтары үшін визаны 20 сәуірге дейін ұзартты

Қазақстан шетел азаматтары үшін визаны 20 сәуірге дейін ұзартты

Визасыз режим туралы ережеге сәйкес, Қазақстанға келген шетел азаматтарының болу мерзімі де 30 күнге ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстан президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанда жүрген шетел азаматтары үшін визалар мен жұмыс рұқсаттарын 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Ведомство қызметкерлері Sputnik тілшісіне түсіндіргеніндей, бұл бұған дейін берілген қолданылу мерзімі аяқталуға жақын визаларға қатысты, жаңаларына қатысы жоқ, өйткені төтенше жағдай режиміне сәйкес шетел азаматтарының Қазақстанға кіруі шектелді.

"Сондай-ақ 57 ел үшін визасыз режим туралы бұрын қолданыста болған ереже бойынша Қазақстан аумағына келген шетел азаматтарының болу мерзімін 30 күнге ұзарту туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Жаңа ереже Қазақстанда COVID-19 коронавирусының таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі шектеу шараларына байланысты қабылданды.

Коронавирус эпидемиясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол отыз тәулікке жалғасады. 19 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды.

Тағы оқыңыз: Коронавирустың он ошағы: Алматы әкімдігі мекенжайды жариялады  

Карантин енгізілуіне байланысты ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан