"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан шекарасына жақын маңда ұшақ апатқа ұшырады

Қазақстан шекарасына жақын маңда ұшақ апатқа ұшырады
фото: Telegram-канал 112

Ресейдің Орынбор облысында, Қазақстан шекарасына таяу Орск қаласының маңында Diamond DA40 үлгісіндегі оқу ұшағы жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырап, борттағы үш адам түгелдей мерт болды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Росавиация қайғылы оқиғаны ресми түрде растады. Мәліметке сәйкес, қаза тапқандар — 36 жастағы ұшқыш және 20, 21 жастағы екі курсант.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа «сваливание» себеп болуы мүмкін. Shot Telegram-арнасы жағдаймен таныс мамандардың пікіріне сүйеніп, мұны аэродинамикалық «срыв», яғни ұшақтың ауа ағынынан ажырап, көтергіш күшін жоғалтуымен байланыстырады. Мұндай жағдай әуе кемесі техникалық тұрғыдан жарамды болса да орын алуы ықтимал.

Сарапшылардың түсіндіруінше, «сваливание» кезінде ұшақ ауада тұрақтылығын жоғалтып, басқару күрделенеді әрі қозғалыс барысында діріл пайда болуы мүмкін. Мамандар аэродинамикалық срыв көбіне пилоттау қателігі мен төмен биіктікте ұшумен ұштасатынын айтады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер