Қызылордададағы жантүршігерлік жол апаты: Күдіктіге қатысты тың дерек шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандағы қайырымдылық қорлары кірісі мен шығысы туралы ақпаратты жариялауға міндеттеледі

Қазақстандағы қайырымдылық қорлары кірісі мен шығысы туралы ақпаратты жариялауға міндеттеледі
ашық дереккөз

Қайырымдылық ұйымдары жыл сайын цифрлық ресурста өз қызметі туралы есеп жариялауы керек.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай цифрлық ресурсы жұмыс істей бастайды. Онда қорлар өз қызметі туралы ақпарат пен жылдық есептерін қазақ және орыс тілдерінде жариялауға міндетті. Бұл талап Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2026 жылғы 9 қазандағы бұйрығында көзделген, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңа ресурстың мақсаты – қайырымдылық қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету. Платформада жарияланған мәліметтер көпшілікке қолжетімді болады.

Қайырымдылық ұйымдары базаға қалай тіркеледі?

Тіркелу үшін ұйым электронды өтініш беріп, оған құрылтай құжаттары мен заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын анықтаманы қоса ұсынуы керек.

Тіркеуден кейін уәкілетті орган ұйымға цифрлық ресурстағы жеке кабинетіне қол жеткізу мүмкіндігін береді. Қайырымдылық ұйымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өз қызметі туралы мәліметтерді орналастыруға міндетті.

Жылдық есеп қашан жарияланады?

Қайырымдылық ұйымдары жыл сайын цифрлық ресурста өз қызметі туралы есеп жариялауы керек. Есепті келесі жылдың 31 наурызына дейін қазақ және орыс тілдерінде орналастыру қажет.

Осылайша, бірыңғай цифрлық ресурс қайырымдылық ұйымдарының қызметі туралы ақпарат пен жылдық есептерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін ашық платформаға айналмақ.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі