Әзірге Тұрсынбек Қабатовтың бұл мәлімдемеге қатысты жауабы туралы ақпарат жоқ.
Продюсер Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты мәлімдеме жасап, оның халықтан кешірім сұрауы керектігін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлеуметтік желіде қолданушылардың бірі Тұрсынбек Қабатовтың ұзақ жылдар бойы сахнада жұбайының өмірі мен күнделікті тіршілігін әзілге айналдырып, сол арқылы табыс тапқанын жазған.
Бұл пікірге жауап берген Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуін өзін әзілдеріне арқау етіп қана қоймай, көрермендерді де алдады деп айыптады.
«15 жыл бойы материал қылған ғой. Мені ғана емес, елді де алдаған. Өкінішті. Өтірік әзілдері үшін билет сатып, ақша тапқаны үшін қазақ елінен кешірім сұрауы керек-ау», – деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Осылайша продюсер Тұрсынбек Қабатовтың сахнадағы әзілдеріне қатысты наразылығын білдіріп, оның көпшілік алдында кешірім сұрауын талап етті.