Қазақстан мен Түркия әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады
17 қараша, 2018
17 Қараша 2018, 11:49 55 0
Асатана, BAQ.KZ. Қазақстан мен Түркия екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп жазады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров пен Түрік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныктің кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар қорғаныс саласындағы екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен перспективаларын талқылады.