«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан мен Өзбекстан арзан автобустар мен жүк көліктері өндірісін іске қосты

Қазақстан мен Өзбекстан арзан автобустар мен жүк көліктері өндірісін іске қосты

"Chevrolet Damas" автобусы мен "Chevrolet Labo" жүк машинасының түпкілікті құны шамамен 3 миллион теңге болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Қостанай қаласына жұмыс сапары барысында Қостанай автомобиль зауытында "Chevrolet" маркасы жаңа модельдерінің Қазақстан-Өзбекстан бірлескен автоқұрастыру желісінің ашылу салтанатына қатысты.

"СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС және "UzAuto Motors" АҚ бірлескен жобасы ресми түрде іске қосылды

Жаңа өндірістік желіде осы жылдың соңына дейін мыңнан астам жоғары өнімді жұмыс орны ашылады, бұл қызмет көрсету мен өндіріс секторлары арасындағы жұмыс күші ағынының өсуі тұрғысынан ерекше маңызға ие. Қазіргі таңда зауыт толық жүктемемен үш ауысымда жұмыс істейді, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты.

Мамин үшінші елдерден тауарлар мен қызметтердің импортына тәуелділікті төмендету мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанның өндірістік процестерін интеграциялаудың өзектілігі артып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Қостанайда Chevrolet өндірісін ашты

Жаңа өндірістік желіде "Chevrolet" маркалы автомобилінің Damas, Labo, Tahoe, Traverse, Trailblazer, Equinox, Malibu, Onix, Spark және тағы басқа бірнеше моделі құрастырылады. "Chevrolet Damas" автобусы мен "Chevrolet Labo" жүк машинасының қолжетімді түпкілікті құны шамамен 3 миллион теңгені құрайды, бұл олардың сауда, логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы шағын және орта бизнес үшін тартымдылығын арттырады.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан