Оқырман таңдауы - 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді
Фото: shutterstock

Армения парламенті Қазақстанмен жасалған тиісті келісімді ратификациялады, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Келісімге сәйкес, Қазақстан мен Армения бір-біріне ауданы 0,33 гектар болатын жер телімдерін символикалық жылдық төлеммен жалға береді. Еревандағы жер телімі үшін жылына 1 драм, ал Астанадағы жер телімі үшін 1 теңге төленеді.

Қазіргі таңда Қазақстанның Армениядағы елшілігі Еревандағы парламент ғимаратының маңында орналасқан. Жаңа елшілік қала орталығына апаратын негізгі көшелердің бірі – адмирал Исаков даңғылы бойында бой көтермек. Бұл ауданда АҚШ пен Қытай елшіліктері де орналасқан.

Ал Арменияның Қазақстандағы жаңа елшілігі Астананың беделді аудандарының бірінде – Тәуелсіздік даңғылы маңында салынады. Оның жанында АҚШ, Қытай, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерінің елшіліктері, сондай-ақ Бейбітшілік және келісім сарайы орналасқан.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.