KZNews.kz
Қоғам

Қазақстан мектептеріндегі ұзақ педкеңестер мұғалімдердің наразылығын тудырудп

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестердің шамадан тыс ұзаққа созылуы ұстаздар арасында наразылық тудырып келеді, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Әлеуметтік желілерде мұғалімдер жиі «педкеңес ешқашан бітпейді» деп шағымданады. Олардың айтуынша, мұндай отырыстар көбіне формалдылыққа айналып, нақты нәтиже бермейді. Кейбір педагогтар маңызды мәселелер талқыланғаннан гөрі, артық есеп беру мен қағазбастылықтың басым екенін алға тартады.

Білім саласындағы сарапшылар бұл түйткілдің негізгі себебін — жүйесіз ұйымдастыру мен уақытты тиімсіз пайдаланудан көреді. 50 жылдық еңбек өтілі бар ардагер ұстаз Нұрғали Әлімбаевтың пікірінше, «қазіргі педкеңестердің көпшілігі есеп үшін өткізілетін жиынға айналып кеткен».

Кей мектептерде мұндай кеңестер бірнеше сағатқа созылып, мұғалімдердің негізгі оқу-әдістемелік жұмыстарына кедергі келтіреді. Сол себепті ұстаздар қауымы педкеңесті онлайн форматқа көшіруді немесе оның құрылымын жеңілдетуді ұсынуда. Сарапшылар да бұл бастаманы қолдап, уақытты үнемдеу мен тиімділікті арттыру тұрғысынан оң қадам деп санайды.

Мамандардың пікірінше, білім сапасын арттыру үшін педагогикалық кеңестердің мазмұны мен мақсатын қайта қарау қажет. Педкеңес мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мен нақты мәселелерді шешудің алаңына айналуы тиіс.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары