"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан коронавирусқа байланысты басқа елдерден гуманитарлық көмек сұрады

Қазақстан коронавирусқа байланысты басқа елдерден гуманитарлық көмек сұрады

Қазақстан коронавирус таралып, қиын жағдай туындауына байланысты басқа елдерден гуманитарлық көмек күтеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстан әлем елдерінен гуманитарлық көмек сұрады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға республиканың сыртқы істер министрлігі хабарлады.

"Біз барлық елге, соның ішінде Ресей Федерациясына гуманитарлық көмек көрсету туралы өтініш жібердік", - деді СІМ.

Ведомство басқа елдер көрсетуге дайын кез келген гуманитарлық көмекке үміт артатынын атап өтті.

"Коммерсантъ" басылымы дереккөзге сілтеме жасай отырып, ТМД елдері (Украина мен Түркіменстаннан басқа) Ресейге "қорғаныс бетперделерін, тест жүйелерін және өкпені жасанды желдету құрылғыларын" бөлу туралы ресми сұратым жібергенін хабарлады. Сұралған көмекті бөлу үшін Ресей үкіметінің арнайы рұқсаты қажет екендігі аталып өткен.

Бұған дейін Ресей кейбір медициналық құралдарды, соның ішінде бетпердені экспорттауға уақытша тыйым салған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Қазақстан Ресейден коронавирустың жаңа түрін анықтайтын тест жүйелерін алды.  

Бұған дейін АҚШ Қазақстанға жеке қорғаныс құралдары тиелген гуманитарлық көмек жіберген болатын.

Сондай-ақ Қытайдан гуманитарлық көмек партиясы алынды (бетперделер, қорғаныс көзілдіріктері мен бір реттік қолғаптар).


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан