Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан ішкі істер министрі тағайындалды

Қазақстан ішкі істер министрі тағайындалды

Ерлан Тұрғымбаев – Қазақстан ішкі істер министрі


Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан ішкі істер министрлігін басқарады. Ол Қалмұханбет Қасымовтың орнына тағайындалды.

Ерлан Тұрғымбаев 2012 жылдан бері Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев 1962 жылы Алматыда туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 1984 жылы Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі болып бастады.

Әр жылдары тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2000- 2006 жылдары ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы6 ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы болды.

2006 жылдың шілде айында Алматы қаласының ІІД бастығы қызметіне тағайындалды (31.07.2006-12.2012).

2012 жылдан бері Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келді.


sputniknews.kz

Автор
Мадияр