Еліміздің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы санының өсімі туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адам болған. Оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың адам болса, ауыл халқы – 7 556,7 мың адам. "Табиғи өсім есебінен халық саны 268 791 адамға өскен, көші-қон арасындағы айырмашылық – 6 946 адам. 2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға өскен", – делінген хабарламада. Еске салсақ, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ болжамдау департаментінің сарапшылары еліміздегі туу, өлім-жітім және көші-қон көрсеткіштерінің негізінде демографиялық болжам жасаған болатын. Мамандар 2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны 27 миллионнан асуы мүмкін екенін айтқан еді.