«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады

Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде үш күн, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында қатарынан бес күн демалыс беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. 2020 жылы наурыз айында қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанда наурызда екі ресми мереке аталып өтеді. Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 9 наурыз – дүйсенбі демалыс болады. Осылайша 3 күн қатарынан демалыс беріледі.

21-23 наурызда елімізде үш күн Наурыз мейрамы тойланады. Бұл мерекенің екі күні – 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне түсетіндіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 5 күн қатарынан (21-25 наурызда – Sputnik) демалу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен, 1, 14, 15, 28 және 29 наурыздағы барлық демалыс күндерін қоса алғанда қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады. 


sputniknews.kz
Автор
Әлихан