Қазақстан “Еуропа қыпшақтарынан” жеңіліп қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан “Еуропа қыпшақтарынан” жеңіліп қалды

Қазақстан “Еуропа қыпшақтарынан” жеңіліп қалды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Мажарстанмен өткен жолдастық кездесуде жеңіліп қалды. Дебрецен қаласында өткен матч 3:1 есебімен "Еуропа қыпшақтарының" пайдасына аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды. Ойынның 9-минутында Максим Самородов орындаған бұрыштамадан кейін қорғаушы Сергей Малый баспен дәл соққы жасап, есеп ашты.

Бірінші таймда қазақстандық футболшылар сенімді ойын көрсетіп, үзіліске 1:0 есебімен алға шықты.

Алайда екінші таймда матч тағдыры өзгерді. 52-минутта Англияның «Ливерпуль» клубында өнер көрсететін Венгрия құрамасының көшбасшысы Доминик Собослаи есепті теңестірді. Ол Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков қорғаған қақпаға дәл соққы жасап, өз командасын ойынға қайта қосты.

63-минутта Максим Самородов екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осылайша Қазақстан құрамасы кездесудің қалған бөлігін он ойыншымен өткізуге мәжбүр болды.

Сан басымдығын тиімді пайдаланған венгрлер араға төрт минут салып алға шықты. 67-минутта Андраш Шефер алыстан әдемі соққы жасап, өз командасын есепте алға шығарды.

Ал матчтың соңғы секундтарында Раймунд Тот мергендік танытып, ойынның қорытынды есебін белгіледі. Нәтижесінде Венгрия құрамасы Қазақстанды 3:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, венгр халқының құрамында тарихи қыпшақ тайпаларының ұрпақтары бар. Осыған байланысты Венгрияны кейде «Еуропадағы қыпшақтардың елі» деп те атайды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.