ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан – біздің басты одақтасымыз әрі серіктесіміз

Қазақстан – біздің басты одақтасымыз әрі серіктесіміз

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ресей мен Қазақстан еуразиялық интеграциялық процестерді дамыту жөніндегі күш-жігерді арттыруға ниетті

АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин еуразиялық интеграциялық процестерді дамыту жөніндегі күш-жігерді арттыруға шақырды. Бұл туралы Астанада Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин студенттермен, оқытушылармен және шақырылған сарапшылармен кездесуінде мәлімдеді.

Жексенбі күні Владимир Путин ресейлік дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Хатта ол Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі халықаралық қатынастардағы жүйе құрушы рөлін атап өтті.

"Әрине, үлкен еуразиялық серіктестік қалыптастыру мақсатында еуразиялық интеграциялық процестерді дамыту, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы байланыстарын кеңейту бойынша күш-жігерді арттыру керек", - деп елші Путиннің сөзінен үзінді келтірді.

Алексей Бородавкин Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та шекаралардағы бойынша тату көршілікті нығайтуды, кең ауқымды еуразиялық интеграция идеясын насихаттау туралы әңгімені қолдағанын атап өтті.

"Еуразиялық кеңістіктің дамуы – біздің жұмысымыздағы дақпыртсыз басымдық.  Ресейдің сыртқы саяси тұжырымдамасында ТМД кеңістігі басымдыққа ие. Қазақстан біздің басты одақтастарымыздың және интеграциялық серіктестеріміздің қатарында", - деді Бородавкин.

Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия университетінде ресейлік-қазақстандық қатынастар мәселесі бойынша Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің қатысуымен пікірталас өтіп жатыр. Студенттер мен профессорлар елшінің "Ресей мен Қазақстан – кеше, бүгін, болашақ" атты мақаласын талқылауда.  


sputniknews.kz
Автор
Мадияр