Тоқаев екі елге жаңа елші тағайындады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бекжан Тұрыс ұлының үйлену тойын ерекше форматта өткізді

Бекжан Тұрыс ұлының үйлену тойын ерекше форматта өткізді
Фото: видеодан алынды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Бекжан Тұрыс ұлы Мағжанның үйлену тойын ұлттық салт-дәстүр мен театр өнерін ұштастыра отырып ұйымдастырды. Ерекше форматта өткен мерекелік кеш әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Мағжан мен Еңлікті қарсы алу рәсімі өзгеше қойылымға ұқсас болған. Жас жұбайлардың құрметіне қыздар мен жігіттер «Жар-жар» әнін екі топқа бөлініп, ерекше нақышта орындаған. Бұл көрініс қонақтарға опера театрындағы қойылымды еске салған.

Той бағдарламасында қазақтың ұлттық ойындарына да орын берілген. Қонақтар қол күрес пен «Қыз қуу» сайыстарын тамашалаған. Ал меймандарға ұлттық тағамдардың бірі – қазы таратылған.

Мерекелік кештің музыкалық бағдарламасын дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев бастаған өнер өкілдері жалғастырған.

Тойдан тараған бейнежазбалар желі қолданушыларының назарын аударып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Пікір қалдырғандардың бірі «Жар-жардың» өзгеше орындалғанына сүйсінген.

«Керемет! Кеудеңді мақтаныш кернейді. Қыздар өздеріне тән жіңішке дауыспен ерекше жар-жар айтты. Ер азаматтардың жар-жары тіптен керемет. Бәрі қосылып шуылдап айтқанша, мынау өте ерекше!» – деп жазды желі қолданушысы.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі