ка

“Қазақстан аруы” Айдай Исаева екінші рет ана атанды

05.12.2018 07:59
0
21

Айдай 2015 жылы Мақсат Мамытханұлы есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шықты.

“Қазақстан аруы-2013” атанған Айдай Исаева екінші мәрте ана атанды. 29 жастағы ару қыз баланы өмірге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Жаратушы Аллаға сансыз шүкір. Инша Алла айдай сұлу қызымыз қуатты, ақылды, халқына жанашыр, елін ойлаған, биік шыңдарды бағындырған, бойына құдіретті Алланың нұры жауған, жарқыраған қыз болсын. Бақытты, ұзақ ғұмыры маңызды болсын. Әмин”, – деп қуанышымен бөлісті Айдай.

Айта кетейік, Айдай 2015 жылы Мақсат Мамытханұлы есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шықты. Екі жастың тойы Шымкент қаласында өткен. 2016 жылдың қазан айында ол ұлды болды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий