
Кәрілік - күлге аунаған қотыр бура,
Кешегі жақсы қайда сөзі тура?
Дауасын кәріліктің мен айтамын,
Көрпені қалың сал да, майды тура.
Шайдың көркі қант пен май, бауырсақта,
Шай ішпей тұра алмаймыз, ауырсақта.
Кәріні сыйлаймын деп ниет қылсаң,
Майлы етті ұсақ турап , сарымсақта.
Бұрыңғы өткен дәурен қайтып келмес,
Зарығып күндіз - түні сағынсақ та.
Жастардың біреуіндей білгендейміз,
Қартайып әбден естен жаңылсақ та,
Жастардың қолайына жаға алмаймыз,
Айтқан серт, уәдеден табылсақ та.
Тұсыңмен төрт құбыла боп тұрсаң - дағы,
Кейінгіге жақпаймыз неғылсақта.
#стихи на казахском шал акын тлеуке кулекеулы
#шал акын тлеуке кулекеулы олен казакша
#шал ақын тілеуке құлекеұлы өлеңдері
#карилик туралы олен казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать
#кәрілік туралы өлең
#Кәріліктің дауасы
#Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәріліктің дауасы) » ZHARAR © 2019 шал ақын тілеуке құлекеұлы Кәріліктің дауасы өлең олен стихи на казахском шал акын тлеуке кулекеулы