Алматыда Төле би мен Саин көшелерін ұзарту жұмыстары аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (АЖАРЫ СҰЛУЛАНЫП)

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (АЖАРЫ СҰЛУЛАНЫП)


Ажары сұлуланып келді көктем ,
Диқанның иығында зілді кетпен .
Аңсары кең даланың бір жасарып
Ақынның жүрегінен жырды төккен .

Аспанның арасынан көшкен бұлттар ,
Уілдеп желдей есті – неткен тұлпар .
Тіршілік Наурызбенен табыстырды
Өмірді адамзатқа етіп құштар .

Ұйқыдан көк жасыл шөп оянады ,
Қырларда қызғалдақтар боянады .
Күн шықса ұясынан жайма шуақ
Мөлдіреп таң шапағы таралады .

Аққулар айдын көлде жүрсе жүзіп ,
Шаттық күн нұр бөлейді белгі тізіп .
Наурызын сағындырған талай жанға
Көктем ғой гүл ашатын келсе күліп .



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Автор
Арман