Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Керек кеңес)

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Керек кеңес)


Тынысы таусылады құр демдінің.
Білінер білімдіге бірден мінің.
Ұйқасы қанша мықты болғанымен.
Жасыра алмайды ол жыр кемдігін.
Үзілсе сыйластығың кімге керек,
Сырт көзге кісі болып жүргендігің.
Бұлт болар жомарттыққа жоқшылығың.
Кəсіппен кеңеймесе іргең бүгін.
Періште болмаған соң пенделерге,
Дүние көрсетеді бір кемдігін.
Құралған сынақтардан құрық жалған,
Білінбес біраз өмір сүргендігің.
Күнə боп саналады сырттан сөйлеу,
Керуенге əсер етпес үргендігің.
Бір пайдаң тимеседе зиян қылма,
Уағыздап осы жайды жүрген дінің.
Абырой берсе құдай өзің төкпе,
Тазармас сумен жусаң кірден күнің.
Досқа күлкі дұшпанға таба болсаң,
Тірідей қара жерге кіргендігің.


Автор
Мадияр