
Жігіт жауға шаппай ма
Толғаулы найза, бір атпен?
Күдері баулы көк шыбық,
Сыпырма қылыш қынаппен.
Халқы үшін туған қайратты ер
Айырмайды жақынын,
Бірдей көріп жырақпен.
Аңдасаң, ақыл тең болмас,
Алысқан жерден жығатын
Денеге біткен қуатпен.
Жартақан өзі жар болса,
Тәңірі берген жігіттің -
Өтеді күні мұратпен.
Ләззатын сөздің парқ еткен,
Түсініп тыңдар құлақпен.
Топтан озған тұлпардай,
Егесі жерде бойымды -
Емеспін, сірә, сынатқан.
Келіспесе, «қой» деңдер,
Келімін таппай сөз айтып,
Ретке келмес лаққан.
Барымды базар етейін,
Өлшеулі өмір біткен күн,
Нешеулердің жалғызын
Жалынан тартып құлатқан.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
#базар жырау олендери
#базар жырау оңдасұлы өлеңдері
#Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Халық үшін туған қайратты ер) » ZHARAR © 2019 базар жырау оңдасұлы Халық үшін туған қайратты ер өлең стихи на казахском базар жырау казакша олен
#стихи на казахском языке базар жырау
#Халық үшін туған қайратты ер казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать