Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Өлмейтін махаббат)

Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Өлмейтін махаббат)


Ашылса менің қабағым оның қабағы
Жүреміз бақыт тілегін орындап әлі
Жазмышпен жарысамын деп абырой таппаймыз
Жарығым Жаратқанымның қолында бәрі

Ақ құсым, теңіз толқыса жағаға қонба
Қуантшы жабырқағанда санама қон да
Қазірше өзімді өзім жылытып алам
Сағынышымды көмкеріп сары ала тонға

Су құйып үмітімді де өсіремін көп
Сезімнің іздей беремін, сосын емін кеп
Қалқам-ау қайырылсаңшы қатыгез болмай
Жүрегім жылауда әне кешіремін деп

Сен едің өртейтін жанды сөнбеген жалын
Күтуге болады екен ғой пендеден бәрін
Ақ құсым, қолымнан менің ұша көрмеші
Шыр етіп ұшып кеткенше кеудеден жаным


Автор
Санжар