"Ата-енеме, қайын ағама, қайын әпкеме иіліп сәлем саламын. Қазақтың барлық салтын білемін. Екі үлкен қызымды бесікке салып өсірдім. Бесік жырын айтамын", - дейді ол. Айтуынша, ата-енесі шаңыраққа Вера келін болып түскенде қарсылық танытпаған. "Маған қарсы болған жоқ. "Бірге тұратын екеуің" деп жолдасыма жарын таңдауда еркіндік берді", - дейді Вера Нестерова. Қазақ тілін тез үйреніп кету үшін Вераның айтары біреу-ақ.Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Адам тіл үйренуге ынтасы, құлшынысы болса үйреніп кетеді. Ешқандай қиындығы жоқ. Тілді жақсы көру керек. Қазақстанда туған соң қазақ тілін білу міндетім", - дейді ол.Посмотреть эту публикацию в Instagram