Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақмыс» жаңа басқару моделі аясында тиімділік пен қауіпсіздікті күшейтті

«Қазақмыс» жаңа басқару моделі аясында тиімділік пен қауіпсіздікті күшейтті
Фото: t.me/kazakhmys_news

«Қазақмыс» корпорациясы акционер Нұрлан Артықбаевқа және Бақылау кеңесіне 2026 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz.  Іс-шараға Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі, Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков, басқарма төрағасының орынбасарлары және бағыттарға  жетекшілік ететін басшылар қатысты. Мұнда өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелері, өндірістік көрсеткіш, әлеуметтік саясат және корпорацияның одан әрі даму кезеңдері талқыланды.

Есепті кезең жүйелі өзгерістерге көшу кезеңіне айналды. Акционерлік құрылым мен басқару моделі жаңартылғаннан кейін компанияда бақылау мен инвестициялық тәртіп күшейтіліп, қауіпсіздікке, жөндеу жұмысына және еңбек жағдайына ерекше көңіл бөлінді. Бұл өндірістік көрсеткіштен де, ішкі үдеріс сапасынан да көрініс тапты.

Бұл ретте жаңа басшылық әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға деген ұстанымын растады және еңбек ұжымы алдындағы барлық міндеттемелерді орындауды өз мойнына алды. Компания Ұжымдық шарт талаптарын іске асыруды жалғастыруда, тоқсандық сыйақы төлеудің қолданыстағы тәртібі сақталып, жұмыскерлер мен олардың отбасына арналған әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Ақпан айында жұмыскерлерге табыстың индекстелген төлемі берілді, ал сәуірде кезекті тоқсандық сыйақы төлеу жоспарланған.

2026 жылдың бірінші тоқсанында компанияда өліммен аяқталған жазатайым оқиға тіркелген жоқ, ал өз қызметкерлеріміз арасында жарақаттанғандар саны 41%-ға азайды. Бұл өндірістік қауіпсіздік саласындағы жағдайдың айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді.

Жаңа басқарушы команда назарын тек көрсеткіштерге ғана емес, сонымен қатар өндірістегі нақты тәжірибелік өзгерістерге аударды. Тек наурыз айында компания басшылығы өндіріс орындарын 950 рет тікелей аралады, ал жұмыс орындарындағы санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсартуға 3,8 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұл шешімдер басшылықтың ұжыммен тікелей әрі тұрақты өзара іс-қимылға көшкенін, сондай-ақ қордаланып қалған тұрмыстық және ұйымдастырушылық мәселелерді жедел шешуге бағытталғанын көрсетті.

Бірінші тоқсанда әлеуметтік жағынан осал топқа жататын 13 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды, ал жыл соңына дейін 173 қызметкерді тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр.

Тоқсанның өндірістік қорытындысы бойынша компания өткен кезеңдерден қалған техникалық шектеулерге қарамастан тұрақтылығын сақтады. Бұл өндірілген кендегі мыс құрамы бойынша жоспарды 3,7%-ға асыра орындауға және 68,6 мың тонна көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Концентраттағы мыс өндірісі 62,5 мың тоннаны (+2,3%), ал катодты мыс өндірісі 96,6 мың тоннаны (+0,69%) құрады.

Ең маңыздысы – бұл нәтижеге жаңа команда бұрыннан жиналып қалған мәселелерді шешуге кіріскен кезеңде қол жеткізді. Бірқатар қиындық 2025 жылы жөндеу қорын оңтайландыруға және жөндеу-қалпына келтіру жұмысына қажетті қосалқы бөлшектердің тапшылығына байланысты туындады. Осы ретте 2026 жылдың бірінші тоқсанында компания инвестициялық және жөндеу жұмысын күшейтуге көшті. Өндіру секторында тозығы жеткен 30 бірлік жерасты техникасын ауыстыру туралы шешім қабылданды, ал осы үш ай ішінде мақұлданған инвестицияның жалпы көлемі 245 млн доллардан асты.

Жұмыс ауқымы өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік бағыттарды қатар қамтыды: жабдықты жаңғырту, жөндеу жұмысын күшейту, тұрмыстық нысандарды жаңарту, жұмыскерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасын жалғастыру, қауіпсіздікті арттыру және жаңа аймақтық жобаларды іске қосу қолға алынды.

Ұзақ мерзімді тұрақтылыққа басымдық берілді. Геологиялық барлау саласында тоқсан ішінде мыс қоры 132,2 мың тоннаға артты.

Сонымен қатар компания әлеуметтік және өңірлік бағытта ауқымды жұмысты жалғастыруда. Бірінші тоқсанда Ұлытау, Абай, Қарағанды облыстарының және Жамбыл облысы Шу ауданының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға 44,6 млрд теңгеден астам қаражат бағытталатын болды. Келісім денсаулық сақтау, білім беру, спорт нысандарын салу мен жаңғыртуды, сондай-ақ жергілікті бизнесті қолдауды және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды көздейді.

Бұл жайт компаниядағы өзгерістердің тек өндірістік бағытпен шектелмей, жұмыскерлердің отбасы мен өзіне қатысы бар өңірлер алдындағы жауапкершілігін сезініп отырғанын көрсетеді.

Бірінші тоқсанның  қорытындысы акционерлік құрылым мен басқару тәсілдері жаңартылғаннан кейін Қазақмыста жүйелі жұмыс үлгісі қалыптасып жатқанын айғақтайды. Қауіпсіздікке қойылатын талап күшейтіліп, атқарушылық тәртіп нығайтылды, инвестициялық белсенділік артып, еңбек ұжымымен тікелей байланыс орнатылды.

Оң өзгерістер бірінші тоқсанның өзінде-ақ нақты нәтиже берді. Бұған өліммен аяқталған жарақаттың болмауы, зардап шеккендер санының азаюы және негізгі өндірістік көрсеткіштердің асыра орындалуы дәлел. Компания тиімділікті, қауіпсіздікті және еңбек жағдайын біртұтас жүйе ретінде қарастыратын модельге біртіндеп көшіп жатыр.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.