ШҚО-да түрмеден қашқан сотталушы 5 сағаттан соң қайта ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақмыс» «Мектепке жол» акциясы аясында 2,5 мыңнан астам оқушыға қолдау көрсетті

«Қазақмыс» «Мектепке жол» акциясы аясында 2,5 мыңнан астам оқушыға қолдау көрсетті

Қазақмыс Корпорациясы» республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 2026–2027 оқу жылына 2 500-ден астам оқушыны мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті. 2026 жылы Компания акцияны іске асыруға 66,5 млн теңге бөлді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қолдауға аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар ие болды.

Акция «Қазақмыс» қызмет ететін төрт өңірді қамтыды: Ұлытау, Қарағанды, Абай және Жамбыл облыстары. Қарағанды облысында 1 051 оқушыға, Ұлытау облысында 912 оқушыға қолдау көрсетілді. Жамбыл облысында 513 оқушыға, Абай облысында 42 оқушыға көмек берілді.

Әр оқушыға жаңа оқу жылына қажетті мектеп жиынтығы табысталды. Оның құрамына мектеп сөмкесі және негізгі оқу-жазу құралдары кірді.

«Қазақмыс» жыл сайын «Мектепке жол» акциясына қатысып, балалар мен отбасыларға қолдау көрсетіп келеді. Бұл — Компанияның өз қызметін жүзеге асыратын өңірлердегі әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Балаларға қолдау көрсету және отбасыларға көмек көрсету Компанияның әлеуметтік жауапкершілік саласындағы тұрақты бастамаларының қатарында.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.