"Ойын" алаңына айналған Ормуз: бұғаздың қайта жабылуы қаншалықты қауіпті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс басшылығы жұмысшыларын қолдайды: Кеншілер қарсылық күткен жерден қолдау тапты

Қазақмыс басшылығы жұмысшыларын қолдайды: Кеншілер қарсылық күткен жерден қолдау тапты
Фотоиллюстрация: kznews.kz

Оңтүстік Жезқазған кенішінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басшысы Руслан Өскенәлінің кәсіпорынның еңбек ұжымымен бетпе-бет кездесуі өтті. Ұжым басшыны және оның жұмысшылармен жедел түрде ұйымдастырылған бұл жүздесуін жылы қабылдады. Кеншілер бұған дейінгі басшылық мұндай ашық кездесулер өткізбегендіктен, Руслан Өскенәлінің өзі келіп, тілдескеніне таңданыстарын жасырмады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жүздесу барысында жаңа басшылықтың кәсіпорынды, жұмысшылар мен олардың отбасыларын, сондай-ақ аймақты дамытуға бағытталған ағымдағы жобалары мен жоспарлары талқыланды. Оның ішінде:

Ресурстық базаны кеңейтуге арналған көптен күткен инвестициялар;

• Өндірістің алдағы жылдарда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жабдықтарды жаңғырту;

• Өзекті экологиялық мәселелерді шешу (мысалы, күкірт қышқылы зауытының құрылысы);

• Өңір тұрғындары үшін тұрғын үйлер, рухани және мәдени нысандар салу мәселелері сөз болды.

Көз майын тамызып, еңбек еткен ұжым үшін өндірістік қауіпсіздік деңгейін көтеру, еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік бағдарламаларды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Корпорация басшылығы өндіріс тиімділігін арттыру мен қызметкерлерге жайлы жағдай жасауға бағытталған, қазіргі таңда атқарылып жатқан және алдағы уақытта іске асатын шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Көптеген жұмысшылар үшін еңбек жағдайын жақсарту, өндірісті заманауи үлгіге келтіру және әлеуметтік қолдауды кеңейту бойынша қабылданып қойған шешімдер мен жаңа бастамалар тың жаңалық болды. Меншік иелері ауысқаннан кейін корпорацияның дамуына және аймаққа деген жанашырлық танытуға деген көзқарастың түбегейлі өзгергенін ұжым бір ауыздан түсініп, қолдау білдірді.

Кездесу барысында жұмысшылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оларға тұшымды да толық жауаптар алды. Сұхбат сындарлы әрі ашық аспан астындағыдай еркін жағдайда өтіп, еңбек ұжымы тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Басшылық тарапынан айтылған өндірісті жаңғырту, еңбек жағдайын жақсарту және кәсіпорынды ілгерілету жоспарлары жұмысшылар арасында оң серпін туғызды. Қауіпсіздік деңгейін арттыруға, жабдықтарды жаңартуға және қызметкерлерді әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған бірқатар бастамаларды ұжым қошеметпен қарсы алды. Бұл компанияны басқарудың жаңа тәсілдері аймақтың бүгінгі таңдағы нақты сұраныстарына толық жауап беретіндігінің айқын дәлелі болса керек.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кәсіпорынды дамыту, қауіпсіздікті арттыру және жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту бағытында бірлесе жұмыс істеуге әзір екендіктерін растап, корпорация басшылығына ашықтығы үшін алғыс айтты.

«Қазақмыс» компаниялар тобы бұдан былай да өндірісті жаңғырту бағдарламаларын, әлеуметтік бастамаларды және қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыру мен аймақтарды тұрақты дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруды жалғастыра береді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.