Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақфильмнің» вице-президенті сотталды

«Қазақфильмнің» вице-президенті сотталды

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының» экс-вице-президентіне қатысты үкім шығарды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті сотталды.

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті С.Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды.  Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы шеңберінде салынған «Түркістан қаласы» Бутафорлық бекінісін заңсыз іске асыру арқылы, нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен мемлекетке залал келтіре отыра жымқырғаны үшін сотталды. Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Сонымен қатар активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Еркебұлан